10:00, 26 августа 2023 г.
Асық ату мен Бес асықтан Атырау облысының VI фестивалі өтті
фото: Аймақтық байланыс қызметі
Облыста ұлдар арасында асық атудан, қыздар арасында бес асықтан сайыс өтті. Бұл туралы Атырау облысының Асық ату және бес асықтан аға жаттықтырушы Мейрамгүл Жумагалиева мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Сайыстың облыстағы спорт ұйымдарының жұмысын жақсарту, жастарды жаппай спорт және дене шынықтыру түрлерімен айналысуға шақырумен ерекшеленді. Сонымен қатар мықты спортшыларды анықтап, республикалық жарыстарға облыс құрама командасын дайындау да - сайыстың мақсаты болды.
Жарысқа Атырау қаласы мен аудандардың құрама командалары қатысты.
- Ұлттық спорт түрі Асық ату мен Бес асықтан облыстық іріктеу тамыз айының 24-і күні өткен болатын. Жарысты ұйымдастырып, оны өткізу Атырау облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының қолдауымен жүзеге асты. Жалпы сайыс Атырау облысының «Асық ату федерациясы» бекіткен төрешілер құрамымен өтті. Бас төреші – Амангүл Туленова. Әр құрама командада 3 спортшыдан және 1 команда өкілі болды. Жас ерекшелігіне тоқталсам, 18 жастан асқан ер мен қыз балалар қатысты, - деді М.Жумагалиева.
Атырау облысының іріктеу кезеңіне 1, 2, 3 орын алған спортшылар және командалар Атырау облысы дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының диплом, сондай-ақ медальдарымен марапатталды.
Жарыс қортындысы бойынша Бес асықтан 1-орынды Мақат ауданы, 2-орынды Құрманғазы ауданы, 3-орынды Атырау қаласының командасы иеленді. Ал Асық атудан Мақат ауданы 1-орын алса, 2-орынды Атырау қаласы, 3-орынды Қызылқоға ауданы қанжығалады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
11:55, Вчера
live comments feed...