
18:00, 25 августа 2023 г.
Атыраулық бишілер Ташкенттен жүлдемен оралды

фото: Аймақтық байланыс қызметі.
Атыраудағы Абай атындағы оқушылар сарайының «Еркетай» би тобы Ташкент қаласында өткен республикалық байқауда І орынды иеленді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қазақстан, Ресей, Өзбекстан арасында өткен халықаралық «Сокол арт» дарынды балалар байқауында Абай орталығынан 7-9 жас аралығындағы 12 биші оқушы қатысып, театрландырылған би номинациясында «Алладин» қойымдылық биімен І орынға қол жеткізіп отыр.
- Өткен жылы Алматы қаласында «Жеті өнер» атты конкурс өткен еді, содан гран-при ұтып, Ташкентке жолдама алған болатынбыз. Міне, біз барып келген байқау - «Дарынды балалар» қоғамдық қорынын ұйымдастыруымен өткен халқаралық байқау. Бұл сайыста Ресейден, Өзбекстан және Қазақстаннан дарында балалар келіп жақсы өнерлерін көрсетті. Ал осыдан біздің бірінші орынға ие болғанымыз – жақсы нәтиже деп ойлаймын. Мұнда әр қаладан келген 900-ден астам қатысушы болды. Бірақ бізге еш қиындық болмады. Байқау өте қызықты, әрі жоғарғы деңгейде өтті. Ең бастысы – балалардың ата-аналарына алғысымды білдіргім келеді, өйткені солардың қолдауымен жеңістікке жеттік,- деді Абай орталығының хореограф маманы Жаннат Балатуева.
Оның айтуынша, алған жолдамамен енді «Еркетай» би тобы қараша айында Түркия еліне баруды жоспарлап отыр.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
18:07
2 октября
12:15
2 октября
17:58
1 октября
Встроенная мебель в Атырау: семь ошибок, из-за которых шпон трескается, а двери не закрываются
Новости компаний
12:11
30 сентября
09:15
30 сентября
Тимур Турлов пообещал выделять $1 млн в год на шахматы в школах
Новости компаний
17:45
29 сентября
17:55
28 сентября
15:16
28 сентября
Объявления
00:00, 1 октября
00:07, 1 октября
10:20, 28 сентября
12
12:53, Вчера
53