• Главная
  • Атырауда құрылысшылардың төл мерекесі аталып өтті
10:00, 15 августа 2023 г.

Атырауда құрылысшылардың төл мерекесі аталып өтті

фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тамыз айының екінші жексенбісі - құрылысшылардың кәсіби мерекесі. Осыған орай М.Өтемісов атындағы академиялық қазақ драма театрында мерекелік шара өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев, сала мамандары мен ардагерлері қатысты, деп хабарлайды Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Салтанатты жиынның шымылдығы театр әртістерінің театрландырылған қойылымымен ашылды. Кейін облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев адал еңбек етіп жүрген сала мамандарының қызметте абыройлы әрі табысты болуын тіледі.

- Құрылысшы – ең ежелгі әрі жасампаз ізгі мамандық. Біз өзімізді «Тәуелсіз Қазақстанның құрылысшыларымыз» деп мақтан тұтамыз. Осындай адамзатқа ғажайып мағына берген мамандық иелеріне бүгін тағы бір ризашылығымызды білдіргіміз келеді. Меніңше, құрылысшы болу – жасампаздық. Сіздердің инженерлік ақыл-ойыңыз, заманауи жаңа технологиялар мен алтын қолдарыңыз қаламыз бен ауылдарымызды гүлдендіріп, өңіріміздің, одан әрі тұтас еліміздің қуатын арттырады. Киелі өлкеміздің келбетін асырып, сәулетіне сән қосып, өсіп-өркендеуіне жаңаша серпін беріп келесіздер. Атыраудың ардақты құрылысшылары мен қымбатты сала ардагерлерін тағы да құттықтай отырып, туған жерді көркейтіп-көріктендірудегі игі істеріңіз әрдайым жемісті, нәтижелі болсын деп тілеймін,-деді Қ.Нұртаев.

Шара аясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігінің «Құрметті  құрылысшы»  төсбелгісімен «Бюро Технического Сопровождения Строительства» ЖШС сарапшысы Талғат Бисенов, «Құрметті  жолшы»  төсбелгісімен «Атырауинжстрой» ЖШС жол жұмысшылар бригадирі Ербол Қалмағанбетов марапатталды. Сонымен қатар бірқатар сала маманына министрліктің Құрмет грамотасы, Алғыс хатымен, облыс әкімінің Алғыс хатымен және «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының Алғыс хаты табысталды.

Сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары «Нұрәлемқұрылыс» ЖШС техникалық қадағалаушысы Кәрім Салықбаевтың кеудесіне Қазақстан Құрылысшылар Одағының «Еңбек сіңірген құрылысшы» медалін тақты.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Құрылысшылар күні
Объявления
live comments feed...