• Главная
  • Атырау-Астрахань пойызында баланың қайтыс болуы дерегі бойынша комиссия құрылады
20:00, 7 августа 2023 г.

Атырау-Астрахань пойызында баланың қайтыс болуы дерегі бойынша комиссия құрылады

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

77 адамнан тұратын топ (4 тәлімгер, 73 бала) «Атырау-Астрахань» теміржол бағыты бойынша «Қазақстан геологы» санаторийіне (Железноводск) жіберілді, Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды

Жолға шыққаннан 1,5 сағаттан кейін балалардың біреуі өзін нашар сезініп, жедел жәрдем шақырылды. «Нарын» станциясына келген жедел жәрдем баланың қайтыс болғанын анықтады. 

Атырау облыстық білім беру басқармасы құзырлы органдармен бірлесіп, қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын тексеру үшін комиссия құрды. Пойызда жолаушылар өз тамағын тұтынғанын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберіліп, қылмыстық іс қозғалды.

Білім беру басқармасы тарапынан қайтыс болған баланың отбасына барлық көмек көрсетіледі.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #пойызы #комиссия
Объявления
live comments feed...