• Главная
  • Атырауда алғаш рет менталды ауытқуы бар балаларға арналған түзету орталығы ашылады
16:00, 4 августа 2023 г.

Атырауда алғаш рет менталды ауытқуы бар балаларға арналған түзету орталығы ашылады

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

№3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының базасында ашылатын күндізгі стационарға бір уақытта 30 бала қамтылады деп күтілуде. 

Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлім етті деп, хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі 

- Жаңа орталықта  №3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қызмет алушыларынан бөлек, медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясының тізіміндегі аутизм диагнозы қойылған және церебральді сал ауруына шалдыққан, тірек-қимылы бұзылған балалар тегін ем алады. Мамандар балалармен жеке-жеке жұмыс жасайды. Белгіленген уақыт бойынша әр балаға 3 сағат бөлінеді. Оларға әзірге 45 күндік ем-шара курсын жоспарлап отырмыз, - деді А.Мәмбетов 

Басқарма басшысының айтуынша орталық мамандары қайта даярлаудан өткен. Алдағы уақытта, қажеттілік туындаған жағдайда қосымша штаттар  қарастырылмақ

-№3-ші орталықтың бір блогын жартылай күндізгі түзету-стационарына арнап, капиталды жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Қазір, құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Енді, қажетті құрал-жабдықтар орнатылғаннан кейін қыркүйек айында ашуды жоспарға алып отырмыз, - деді №3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының басшысы Анар Маратова

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #түзету орталығы
Объявления
live comments feed...