• Главная
  • Атырауда 277 мыңнан астам адам дене тәрбиесі және спортпен тұрақты түрде шұғылданады
13:00, 3 августа 2023 г.

Атырауда 277 мыңнан астам адам дене тәрбиесі және спортпен тұрақты түрде шұғылданады

фото: Аймақтық байланыс қызметі. ⠀

фото: Аймақтық байланыс қызметі. ⠀

Аталған көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,3%-ға өсті. 2025 жылға дейін облыста бұқаралық спортпен тұрақты түрде айналысушылар саны 50%-ға жетеді деп жоспарланды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Дастанбек Қоспанов мәлім етті, Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

⠀Бүгінде аймақта 9 кәсіби спорттық клуб  жұмыс істейді. Яғни, волейбол, баскетбол, футбол, шағын футбол, хоккей, бокс клубы, мүгедектер спорттық клубы, су спорты түрлері клубы, ұлттық спорт түрлері. 

Сонымен қатар ұлттық спорт, баскетбол, волейбол, су спорты клубтары жекешелендірілген, хоккей мен футбол, бокс клубтары сенімгерлікпен басқаруға берілген. 

Мүгедектер спорт клубы басқармаға қарасты.

Спорттық клубтарда жаттығушылар саны 4276-ны құрап, биыл  633-ке көбейді.

- Жыл басынан бері бұқаралық спортты дамыту мақсатында облыс көлемінде 800-ден аса  спорттық іс-шара ұйымдастырылып, 150 000-нан астам облыс тұрғыны қатысты. Оның ішінде 560 іс-шара ауылдық жерде ұйымдастырылып, 110 000-нан астам ауылдық жер тұрғындары қамтылды. Жалпы облыс бойынша 1000 адамға шаққанда халықтың спорт инфрақұрылымымен орташа қамтамасыз ету деңгейі 38,2%-ды құрап отыр. Қолданыстағы жоспарлар мен бағдарламаларға сәйкес 2023-2027 жылдар аралығында 26 спорттық кешеннің құрылысын салу арқылы бұл көрсеткішті 40%-дан асыру жоспарланып отыр,-деді Д.Қоспанов.

Жалпы өңірде спорттық нысандар саны 1 217-ні құрайды. Биыл Исатай ауданының Тұщықұдық ауылында спорт кешені пайдалануға берілді.  Бұған қоса 8 спорт нысанының құрылысы жүргізіліп, 4 нысан қайта жаңғыртылып жатыр. 

Оған қоса екі спорт нысанын салу жоспарланған. Оның бірі, облыс орталығында ұзақ жылдар бойы шешімін таппаған өзекті мәселе - спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының құрылысы  және қаладағы Жаңаталап ауылындағы спорт кешенінің құрылысы.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #дене шынықтыру #спорт
Объявления
live comments feed...