• Главная
  • Құрманғазы ауданында екі медициналық пункттің құрылысы басталды
16:00, 21 июля 2023 г.

Құрманғазы ауданында екі медициналық пункттің құрылысы басталды

сурет: Аймақтық коммуникациялар қызметі

сурет: Аймақтық коммуникациялар қызметі

Медициналық нысандар «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынып жатыр. Олар Құрманғазы ауданына қарасты Жаңаталап ауылы Шағырлы елді мекені және Орлы ауылы Алтыншы елді мекенінде салынады. Нысан құрылысын осы жылдың күзінде аяқтау жоспарланып отыр, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік нысанның құрылыс қарқынымен  танысу мақсатында аудан әкімі Абат Жанғалиев пен облыстық құрылыс басқармасының бөлім басшысы Нұрлыбек Сақпаров Шағырлы және Алтыншы ауылына барды. 

Екі медициналық пункттің мердігер мекемесі - «БатысСтройСервис-Атырау» ЖШС. Тапсырыс беруші – облыстық құрылыс басқармасы.

Қазіргі таңда Шағырлы ауылындағы медициналық нысанның кірпіші қаланып, іргетасы  көтерілуде. Ал Алтыншы ауылда  белгіленген жерді  тегістеу жұмыстары жүріп жатыр.  

Өз кезегінде Абат Жанғалиев мердігер мекеме өкілдеріне жергілікті тұрғындар үшін маңызы бар  әлеуметтік  нысанның сапалы әрі мерзімінде аяқтауын тапсырды. Сондай-ақ жұмыстардың жоспарлы түрде жүруін  қадағалап отыру қажеттігін ескертті.

Анықтама үшін: Шағырлы елді мекенінде -  211, Алтыншы елді мекенінде  262 адам тұрады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #құрылыс #медициналық пункттер
Объявления
live comments feed...