• Главная
  • Балықшы ықшамауданында жарылған қысымы жоғары кәріз коллекторын айналып өту үшін шұғыл түрде кәріз желісі салынады
10:15, 21 июля 2023 г.

Балықшы ықшамауданында жарылған қысымы жоғары кәріз коллекторын айналып өту үшін шұғыл түрде кәріз желісі салынады

сурет: Аймақтық коммуникациялар қызметі

сурет: Аймақтық коммуникациялар қызметі

Кеше Балықшы ықшамауданындағы Қалмұханов және Алтынкөл көшелерінің қиылысында  «Д-500» арынды кәріз коллекторында жарылды. Алайда құбырдан аққан су жер бетіне шықпаған. Өйткені  кәріз желісінің үстінен ыстық су құбыры орнатылған. Оған қоса мердігерлер жол салу кезінде құбырларды бетон плитамен «Атырау облысы  Су арнасы» мекемесіның рұқсатынсыз жапқаны белгілі болды. Бұл туралы «Атырау облыстық Су арнасы» мекемесі басшысы Арман Кенжеғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі

- Алғашында ағынды суды төгу көзі бірден анықталмады. Сондықтан бетон плиталарын көтеріп, ыстық су құбырларының астынан апат нүктесін іздедік.  Бұл – көп уақытты қажет ететін процесс. Мамандар түнімен жұмыс істеп, жарылған жерді  тапқан соң, ағын суын сору жұмыстарын жүргізді.  Осы себептен жарылған құбырдан аққан су ыстық су тұрбалардың бойымен, оларды қоршап тұрған бетон плиталарының ішінде ағып жатты.  Бірақ орналасқан «Д-500» кәріз коллекторы ыстық су құбырларының астында орналасқан. Оған тікелей қол жеткізу мүмкін болмай тұр. Сондықтан апат болған жерді айналып өту үшін ыстық су құбырының үстінен шұғыл түрде кәріз желісінің учаскесін салу туралы шешім қабылданды. Бүгін кәсіпорын осы жұмыстарға кірісті,-деді А.Кенжеғалиев.

 Анықтама үшін: Апатты жою жұмыстарына 9 бірлік вакуум-автомашина ("Атырау облысы Су Арнасы" КМК-нан 6 бірлік, үшінші тарап вакуум-автомашиналарының 3 бірлігі), 1 бірлік экскаватор, 1 бірлік автокран және 1 бірлік самосвал жұмылдырылды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Балықшы #коллекторы
Объявления
live comments feed...