• Главная
  • Атырауда Геолог емханасы базасында облыстық үйлестіру орталығы ашылды
21:00, 19 июля 2023 г.

Атырауда Геолог емханасы базасында облыстық үйлестіру орталығы ашылды

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Бүгін, 18 шілде күні Геолог емханасы базасында «Бала жасындағы ауруларды ықпалдастыра жүргізу, патронаждық байқаудың әмбебап прогрессивті моделі» облыстық үйлестіру орталығы ашылды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев қатысып, орталықтың ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі.

- Өңірде ана мен бала өлімінің алдын алу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Осы орайда мамандардың ұсыныстарын назарға ала отырып, аталған орталықтың біздерге қажет екені айтылып, Денсаулық сақтау басқармасының бастауымен орталықтың ашылу салтанатына жиналып отырмыз. Орталықтың жұмысы нәтижесінде, алдағы уақытта дүниеге дені сау ұрпақ келсін деп тілейміз, деді Ж.Бисембиев.

Айта кетейік, балалық шақтағы ауруларды интеграциялап жүргізу - бұл дәлелді медицинаға негізделген стратегия, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арқылы жүзеге асырылған, оны дұрыс қолданған кезде 5 жасқа дейінгі балалардың аурушаңдығы, өлімі және мүгедектігі төмендейді. 

Аталған стратегия науқас баланың жағдайын мақсатты бағалауға, ақауларды уақытында анықтауға, мамандарды дайындау секілді маңызды міндеттерді шешуге ықпал етпек.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #геолог клиникасы #үйлестіру орталығы
Объявления
live comments feed...