• Главная
  • Тамызда Ескі паром ауылының балалары ойын алаңы мен футбол алаңының игілігін көреді
12:00, 17 июля 2023 г.

Тамызда Ескі паром ауылының балалары ойын алаңы мен футбол алаңының игілігін көреді

сурет: Аймақтық коммуникациялар қызметі

сурет: Аймақтық коммуникациялар қызметі

Сенбі күні облыс әкімі Серік Шәпкенов Вокзал маңы ықшамауданының тұрғындарымен кездескен соң, Ескі паром ауылына барды. Мұнда сол жердің белсенділерінің күшімен салып жатқан ойын алаңы, ашық спорт және футбол алаңының құрылысымен танысты. Жұмыстар 90%-ға аяқталып, тамызда пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі

- Біз көптен бері қайырымдылықпен айналысып келеміз. Мұндағы жұмыс күші - 368 ауыл тұрғыны. Осы ауылда тұратын 200-ге жуық баланың игілігі үшін жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Өткен жылдың күзінде конкурсқа қатысып, құрылыс жүргізу мақсатындағы жерді жеңіп алдық. Кейін бұл жерді толықтай қоқыстан тазартып, теректерді кесіп, 2 мың тоннадай топырақ төктік. Аумақты көркейту мақсатында 100 терек отырғызылды. Жұмыстар жалғасын табатын болады,-деді белсенді Самат Қалмұратов.

Кездесуде аймақ басшысы тұрғындардың ауылдың дамуына қосып жатқан үлесі өте маңызды екенін, бұл істі жүргізуде олардың жұмыла кіріскен бірлігі ерлікпен пара-пар екенін атап өтті. 

- Бала - біздің болашағымыз. Олардың кемелді келешегі үшін атқарып жатқан қызметтеріңіз жемісті болсын! Бірлескен істе береке бар. Мен әрқашан өз сөзімде өңірде бой көтеретін әлеуметтік нысандар алдымен балалар үшін салынуы керек деп айтып жүремін. Өскелең ұрпақ сіздерге қарап бой түзейді. Өздеріңізден үлгі алады,- деді С.Шәпкенов.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Ескі паром #футбол алаңы
Объявления
live comments feed...