• Главная
  • Мемлекеттік грант иегері халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған психологиялық кабинет ашты
18:00, 12 июля 2023 г.

Мемлекеттік грант иегері халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған психологиялық кабинет ашты

сурет: Аймақтық коммуникациялар қызметі

сурет: Аймақтық коммуникациялар қызметі

«Өз өзіңе көмектес» деп аталатын жобалық кабинетте психологиялық кеңестерден бөлек,  өзін-өзі дамытуға арналған мотивациялық тренингтер мен түрлі бағыттағы оқу курстары ұйымдастырылады деп, хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі 

Жоба иесі Гүлмира Шынтемірова бала жастан 2-топ мүгедегі. Тағдыр тәлкегіне мойымаған ол – екі жоғары оқу орынын үздік тәмәмдаған. Психологиялық жоғары білімі де бар. Ол өзі секілді «ерекше» жандарға психологиялық кеңес беріп, қолайлы орта қалыптастыруды мақсат еткен. 

— Мақсатымды жүзеге асыруға «Бастау-бизнес» жобасы серпін берді.  Өз жобамды қорғап, мемлекеттен берілетін қайтарымсыз грантты ұтып алдым. Мемлекеттен берілген қаржыға кабинетке жиһаздар мен қажетті құралдарымды алдым. Енді, алдағы уақытта бұл жобамды үлкейтіп, кабинетімді де кеңейткім келеді. Себебі, бұл бастамамды өзім секілді мүмкіндігі шектеулі жандар қолдап, көбі келіп жатыр. Олар осы жерде өздерін жайлы сезініп, жаңа мүмкіндіктер мен түрлі кәсіпті меңгеру үшін қолымнан келгенін жасаймын, - деді Г.Шынтемірова 

Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық қызмет тегін көрсетіледі.  Жоба иесі «ерекше» жандарды инфобизнеске баулуды жолға қоймақ. Оның айтуынша,  сұранысқа ие смм және мобилограф мамандықтары бойынша оқыту, компьютерлік сауаттылықты жетілдіру жұмыстары жүргізіліп,  әлеуметтік қызметтер порталын пайдалану бағыты да үйретіледі екен. 

Айта кетейік, биыл «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негізде білім алуға 2 850 адам  жолдама алған. Оның 2 132-сі оқуын аяқтап, 194 адам  жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Ал, 17 адам мемлекеттік грант иегері атанған.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #грант иегері
Объявления
live comments feed...