• Главная
  • Атырауда жанып жатқан қамыс өртінің 80% аумағы сөндірілді
12:00, 10 июля 2023 г.

Атырауда жанып жатқан қамыс өртінің 80% аумағы сөндірілді

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкенов «Ақжайық»мемлекеттік табиғи резерваты аумағында жанып жатқан өрт аумағын әуеден барлап шықты, Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды

Қазіргі уақытта қамыстың жану аумағы  830 га құрайды. Батпақты жерлерге жету қиын болғандықтан, өртті сөндіру қиынға соғуда. 

Аэровизуалды барлау жұмыстарының қорытындысы бойынша ашық отпен жану ошақтары анықталған жоқ. Алайда қамыс бықсып жатыр. Өрт сөндіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Қазіргі уақытта ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағының көмегімен 15:20 сағаттағы ақпарат бойынша 36 рет  су төгу жұмыстары жүргізілді. Жалпы осы уақытқа дейін тілсіз жауды ауыздықтау үшін 204 тонна су төгілген. Бүгінде елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. 

Қамыс жануын жоюға Атырау облысы ТЖД күштері мен құралдары, «Ақжайық» МТР жалпы есеппен 92 адам, 15 бірлік  техника, 4 мотопомпа және «Қазавиақұтқару» АҚ 5 (экипаж) жұмылдырылды.

Аталған мәселені шешуде дала өртімен күрес жұмыстары үшін «Ақжайық мемлекеттік табиғи резерваты» РММ-ға арнайы техника сатып алуға осы жылы республикалық  бюджеттен  285 млн  теңге бөлінді. 

Ал Атырау облысының төтенше жағдайлар департаментіне 30 бірлік негізгі және арнайы техника сатып алуға және өрт сөндіру қызметін арнайы және негізгі техникамен қамтамасыз ету үшін 2023 жылы жергілікті бюджеттен  1, 5 млрд теңге бөлінді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #жанып тұрған қамыс
Объявления
live comments feed...