• Главная
  • Ойыл өзенінен шамамен 17 келіге жуық балық өлексесі шығарылды
16:00, 9 июля 2023 г.

Ойыл өзенінен шамамен 17 келіге жуық балық өлексесі шығарылды

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Осы жылдың 7 шілдесінде  Қызылқоға ауданына қарасты Ералы су қоймасының маңындағы Меңдібай учаскесінде кішкентай қызылқанат, ақмарқа, қылышбалық өліп жатқандығы туралы ақпарат түсті, Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды

Оқиға орнына дереу Ойыл ауылдық округінің әкімі бастаған еріктілер барып,  жағдайды  анықтады. Олар сағат 12:00 мен 19:00 аралығында өзенге тазалау жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Нәтижесінде Ералы су қоймасының Меңдібай учаскесінен шамамен 17 келіге жуық балық өлексесі судан шығарылды. Кейін арнайы орынға көмілді. 

8 шілде күні аталған аймақта жергілікті атқарушы орган қызметкерлері қосымша анықтау жұмыстарын жүргізді. Өзге жерлерде балық өлексесі анықталған жоқ.

Оқиға туралы ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитетіне және облыстық балық шаруашылығы басқармасына хабарланды. Осы ақпаратты тексеру үшін 2023 жылғы 8 шілдеде Жайық-Каспий балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының басшысы мен орынбасарынан және инспекция, жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінен тұратын комиссия балық қырылуы болжамды орынға шықты. Қазіргі таңда тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #өлі балық
Объявления
live comments feed...