• Главная
  • Атыраулықтар Астана күнін тойлады
12:00, 9 июля 2023 г.

Атыраулықтар Астана күнін тойлады

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

6 шілде күні Сұлтан -Бейбарыс алаңына жиналған қала халқы  «Елорда-елімнің айнасы» атты мерекелік концертті тамашалады деп, хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі 

Мерекелік іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев арнайы келіп, атыраулықтарды Астана күнімен құттықтады.

- Биыл Астанаға 25 жыл толды. Еліміздің еңсесін көтеретін Елордамыз жыл сайын қарқынды дамып келеді. Астанамыздың өркендеп, дамуы еліміздің өзге өңірлеріне де серпін береді. Айта кетейік, осы аз уақыт ішінде Елорда да бірқатар халықаралық жиындар өтті. Мәселен,  ЭКСПО көрмесінің өзі біздің Астанада өтуі тарихи сәт. Ендеше, біз өз астанамызбен мақтанамыз және баршаңызды айтулы күнмен құттықтаймын!  Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, - деді М.Мурзиев 

Атырау облыстық халық шығармашылығы ұйымдастырған концертке өңірдегі барлық өнер ұжымдары қатысты. Олар патриоттық және мерекелік әндер орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Астана Күні
Объявления
live comments feed...