• Главная
  • Қамыс өртіне әуеден барлау жүргізу үшін тікұшақ жұмылдырылды
10:00, 9 июля 2023 г.

Қамыс өртіне әуеден барлау жүргізу үшін тікұшақ жұмылдырылды

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

2023 жылғы 7 шілдеде Атырау қаласында түтін иісінің анықталуына байланысты, өрт ошақтарын анықтау мақсатында әуеден барлау жүргізу үшін "Қазавиақұтқару"АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды, Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды

Атырау облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник А. Ержановтың басшылығымен және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен құралған комиссия мүшелері (3 адам) Каспий теңізінің жағалауында 15 шақырым радиуста аэровизуалды тексеру жүргізді.

Жүргізілген әуеден барлау нәтижесінде, жану аумағы шамамен 5 га аумақты құрайтын 5 жану ошағы анықталды.

Жану аумағы иесіз, Каспий теңізінің жағалауында орын алды.

Түтін теңізге қарай бағытталғандықтан, елді мекендерге қауіп жоқ. 

В 05:40 сағатта Атырау облысы ТЖД күштері мен құралдары қамыс өртін сөндіру үшін жолға шықты.

08 сағат  30 минутта күштер мен құралдар қаладан 30 км қашықтыққа Кеңөзек елді мекені аумағына жетті.

Қамыс өртін сөндіруге ТЖД және "Ақ Жайық" МТР күштері мен құралдары, жалпы есеппен 55 қызметкер, 13 бірлік техника, 2 бірлік мотопомпа; және "Казавиаспас" АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды.

Өртті сөндіру жалғасуда.

Атырау облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #жану иісі
Объявления
live comments feed...