• Главная
  • Атырауда асық ату мен бес асықтан чемпионат өтті
17:00, 6 июля 2023 г.

Атырауда асық ату мен бес асықтан чемпионат өтті

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

5 шілде күні Абай орталығында Елорда күніне арналған асық ату және бес асық чемпионаты өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Чемпионатқа 4 ауданнан келген ардагер спортшылар қатысты.

- Бүгінде облыс бойынша ұлттық спорт түрлерімен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 21 625 адамды құраса, оның ішінде асық ату спортымен 1000-ға жуық адам шұғылданады. Бұл біз үшін жақсы көрсеткіш. Осы орайда Индер, Қызылқоға, Жылыой және Индер аудандарынан келген ардагер спортшыларға сәттілік тілеп, өз алғысымды білдіргім келеді, - деді балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Аманжан Сағынғалиев.

Турнир қорытындысы бойынша асық атуда бірінші орынды Мақат ауданы, екінші орынды Жылыой ауданы және үшінші орынды Индер ауданы, бес асықта бірінші орынды Мақат ауданы, екінші орынды Жылыой ауданы және үшінші орынды Индер ауданы иеленді.

Жеңімпаз команда 30 шілде мен 3 тамыз аралығында Қарағанды облысының Балқаш қаласында өтетін ҚР чемпионатына жолдама алды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #асық ату және бес асық
Объявления
live comments feed...