• Главная
  • «Сармат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі
13:00, 6 июля 2023 г.

«Сармат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Атырау қаласына қарасты Жаңаталап округінде бой көтерген білім беру нысанының құрылысы биыл аяқталады. 300 орынға есептелген мектепте балалар толыққанды күндізгі ауысыммен білім алады. Мұнда облыс аудандарынан келген балалар үшін жатақхана да бар, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Үш қабаттан тұратын мектеп-лицейінде физика, математика, информатика, химия және биология сыныптары жұмыс істейді. Оқу орны балаларға жаратылыстану-математика ғылымдарын игеруге және алғашқы әскери дайындық машықтарын тереңдетіп оқытуға басымдық жасайды. 

- Бұл мектеп болашақ мамандығын әскери қызметпен байланыстырғысы келетін балаларға жақсы мүмкіндік береді. Жастарды патриоттыққа тәрбиелеу арқылы еліміздің қорғаныс саласына кадрларды ерте даярлауға арналған оқу орнында балалардың алаңсыз білім алуы үшін барлық жағдай жасалған. Облыс әкімдігінің тікелей қолдауымен мұндағы оқушыларға алты мезгіл тамақтану, төсек орны, әскери киім үлгілері, оқу-құрал саймандары мен спорттық жабдықтары тегін қарастырылған. Әзірге мұндай үлгідегі мектеп еліміздің санаулы ғана аймақтарында бар,-деді мектеп-лицей-интернатының директоры Ерлан Тоқбаев.

«Сармат» мамандандырылған мектеп-лицейінде білім алушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу аяқталды. Әскери мектепте білім алуға ниет білдірген 500-ге жуық атыраулық оқушы екі кезеңнен тұратын емтиханға қатысты. Конкурстық іріктеудің бірінші күнінде олар қазақ тілі мен математикадан тестілеуге қатысса, екінші күні дене-шынықтыру қабілеттерін бағалаудан сынға түсті. Мектепке қабылдағандардың нәтижесі ең жоғары ұпай санына сәйкес анықталады. Емтихан нәтижесі 10 жұмыс күнінен кейін жарияланбақ. 

- Биылғы оқу жылында 7-8-9 сыныпқа барлығы 120 оқушы қабылданады. Әр сыныпта 20 баладан білім алады. Яғни, екі 7 сынып, екі 8 сынып және екі 9 сынып болады. 2025 жылға қарай мектептегі бала санын 300-ге дейін жеткізу мақсаты тұр. Ата-аналар мен оқушылар жедел ақпарат алуы үшін www.sarmat.edu.kz ресми сайтын және facebook пен instagram әлеуметтік желілерінде парақшаларымызды іске қостық, Е.Тоқбаев.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #"Сармат"мектеп-лицей-интернаты
Объявления
live comments feed...