17:00
24 апреля

Pexels сайтынан иллюстрациялық фотосурет
Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы 2022-2023 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңіне қатысушы-мектептер арасында еліміздің 100 олимпиадалық мектептері рейтингісін жариялады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Төменде көрсетілген өңірдегі 3 білім беру ұйымы енді, олар:
«Білім-Инновация» лицей-интернаты - 3 орын;
Облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия – 40 орын;
Құрманғазы ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп - 98 орын.
Рейтинг формула бойынша шығарылды, мұнда алтын медаль 3 ұпаймен, күміс медаль 2 және қола медаль 1 ұпаймен бағаланады.