• Главная
  • Атырау облысының аумағындағы электр қуатының өшуі жағдайы туралы
12:00, 4 июля 2023 г.

Атырау облысының аумағындағы электр қуатының өшуі жағдайы туралы

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Сағат 17:24-те (Атырау уақыты бойынша) 140 МВт жүктемесі бар №1 энергоблоктың апаттық ажыратылуына байланысты Ақтау – Атырау – Орал – Ресей БЭЖ 220 кВ транзитінде электр қуатының артуы орын алды, бұл жүйелі апатқа қарсы автоматика жұмысы мен  220 кВ Теңіз-Бейнеу желісінің ажырауына себеп болды, соның нәтижесінде Маңғыстау облысын оқшауланған жұмысқа жиіліктің төмендеуіне және ажыратылған тұтынушылармен АЖТ жұмысына әкелді, Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Бұдан әрі апаттың дамуы ТШО электр станцияларының 220 кВ транзитінен оқшауланған жұмысқа (теңгерімді жүктемемен), Қашаған NCOC (қуаттылығы 120-дан 20 МВт-қа дейін ішінара жоғалумен), Атырау ЖЭО (қуаттылығы 180 МВт-тан 65 МВт-қа дейін жоғалумен), «KUS» ЖШС (220 МВт-тан 0 МВт-қа дейін) бөле отырып, Атырау энергия торабына көшті. Облыс бойынша АМӨЗ, КҚК-К тұтынушылары, Атырау қаласының жартысы және облыс аудандары ажыратылды. Сағат 18-14-те ескі АМӨЗ зауытына, 18-19-да Л-2115-те жаңа АМӨЗ зауытына кернеу берілді. Қазіргі уақытта шектеулерді алып тастау, сондай-ақ Атырау ЖЭО-ны энергия жүйесімен синхрондау жүріп жатыр.

Бұдан кейін Атырау облысының тұтынушыларын қосу және Маңғыстау энергетикалық блогымен синхрондау жалғасады. Шектеулерді толығымен алып тастау МАЭК және Атырау ЖЭО электр станцияларында жүктеменің артуына байланысты болады. Атырау облысы мен Маңғыстау облысының тұтынушыларын Ресейдің БЭЖ-інен электр энергиясымен қамтамасыз ету 220 кВ транзитінің техникалық мүмкіндігіне байланысты 130 МВт-қа дейінгі көлемде жүзеге асырылады. 

Қазіргі таңда Атырау қаласы мен облыс аудандарындағы тұрғын алаптардағы бұрын ажыратылған тұтынушыларды кезең-кезеңімен қосу жұмысы жүргізілуде. Сондай-ақ, электр қуаты іске қосылған кезде сумен қамту қалпына келтіріледі.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #электр қуатын өшіру
Объявления
live comments feed...