• Главная
  • Атырау облысы әкімдігі мен «Теңізшевройл» компаниясы арасындағы келісімге сәйкес 3-7 шілде аралығында жұмыссыз азаматтарды 5 мамандық бойынша оқуға іріктеу жүргізіледі
10:00, 4 июля 2023 г.

Атырау облысы әкімдігі мен «Теңізшевройл» компаниясы арасындағы келісімге сәйкес 3-7 шілде аралығында жұмыссыз азаматтарды 5 мамандық бойынша оқуға іріктеу жүргізіледі

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлім етті деп, хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі 

- Жұмысшы мамандықтары бойынша оқыту жұмыстарын 2019 жылдан бері атқарып келеміз. Бұл ретте «ТШО» компаниясы да келісімді бұзбай, осы уақытқа дейін 3 мыңнан аса азаматты халықаралық деңгейде оқытты. Бастапқыда оқыту жобасы 11 маманық бойынша жүргізілді. Кейіннен, нарықта сұраныста жоқ мамандықтарды алып тастап, сұраныстағы 5 мамандықты қалдырдық. Олар құбыр монтаждаушы, БӨАжА монтаждаушы, электромонтаждаушы, құбыр дәнекерлеуші және металл конструкцияларын дәнекерлеуші. Соңғы көрсетілген екі мамандықтың оқу ұзақтығы 4 ай, қалғандары 3 ай оқытылады, - деді А.Мәмбетов 

Басқарма басшысының айтуынша, жауапты мамандар аудандарды аралап жұмыссыз азаматтарды оқуға іріктейді

Іріктеу кестесі:

03.07.2023 жылы сағат 10:00 

Исатай ауданы, «Жалын» мәдениет үйі;

03.07.2023 жылы сағат 15:00 

Құрманғазы ауданы, Құрманғазы аудандық аграрлы-техникалық колледжі;

04.07.2023 жылы сағат 10:00 

Индер ауданы, Индер аудандық көн бейінді ауылшаруашылығы колледжі;

04.07.2023 жылы сағат 15:00

Махамбет ауданы, «Өнерпаз» мәдениет үйі;

05.07.2023 жылы сағат 10:00

Мақат ауданы, Мақат кенті әкім аппаратының ғимараты. (Қызылқоға ауданының тұрғындары қатысады);

05.07.2023 жылы сағат 10:00

Жылыой ауданы, Темірхан Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжі;

07.07.2023 жылы сағат 10:00

Атырау қаласы, «АПЕК Петротехникал жоғары колледж» ғимараттары

Айта кетейік, оқуға қабылданғандар жатақханамен және үш мезгіл тамақпен қамтылады

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #жұмыссыздар #мамандықтарға оқыту
Объявления
live comments feed...