• Главная
  • Марат Қарабаев Атырауда өндірілетін полипропилен көлемін арттыруды ұсынды
10:00, 1 июля 2023 г.

Марат Қарабаев Атырауда өндірілетін полипропилен көлемін арттыруды ұсынды

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Атырау облысына жұмыс сапары аясында KPI Inc. компаниясына барды. Ведомство басшысы бастаған топ полипропилен өндіретін зауыттың жұмысымен танысты, Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды

«Теңіз» кен орнынан алынатын пропанды өңдейтін кәсіпорын жылына 500 мың тонна жоғары сапалы полипропилен өндіруге қауқарлы. Бұл әлем бойынша полипропилен өндірісінің 1 пайызын құрайды.

Марат Қарабаев KPI Inc. компаниясының басшылығына өндірілетін полипропиленнің жылдық көрсеткішін арттыру жолдарын қарастырып, нақты жоспар ұсынуды тапсырды.

Сондай-ақ делегация пропанды құю және сақтау паркінің, дайын өнім қоймасының, пропанды дегидрлеу және пропиленді полимерлеу технологиялық қондырғыларының, зауыттың негізгі қондырғыларының, қосалқы электр стансасының, орталықтандырылған операторлар залының жұмысымен танысты. Сонымен қатар SGS зауыт зертханасына барып, полипропилен өндірісін көзбен көрді. Қызметкерлермен жұмыс барысы туралы пікір алмасты.

Айта кетейік, өндіріс ошағы еліміздің полипропиленге деген сұранысын өтеп қана қоймай, құрылыс, медицина, автомобиль құрастыру, тамақ өнеркәсібі секілді салаларда полипропиленнен түрлі бұйым шығаратын шағын және орта бизнестің дамуына ықпал етеді.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #полипропилен
Объявления
live comments feed...