• Главная
  • Облыс әкімі БАҚ қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтады
12:00, 27 июня 2023 г.

Облыс әкімі БАҚ қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтады

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Бүгін М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрында 28 маусым - Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шараға облыс әкімі Серік Шәпкенов және журналистика саласының ардагерлері, өңірдегі БАҚ қызметкерлері қатысты, Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Жиында аймақ басшысы журналистерді айтулы мерекемен құттықтап, өңір тұрғындарының өміріне қажет барлық саладағы мәселелерді жан-жақты зерттеп, көрермен мен оқырман назарына ұсынудағы ізденісті еңбектеріне табыс тіледі.

- Баршаңызды келе жатқан кәсіби мерекемен құттықтаймын. БАҚ - билік пен халық арасындағы алтын көпір. Елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, сол істердің басы-қасында жүреді. Сол үшін де сіздердің мәртебеңіз «төртінші билік» аталды. Қай заманда болмасын, журналистер өзінің әділдігімен, шыншылдығымен маңызды мәселелерді көтеріп келеді. Соны билікке жеткізу арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға, табысын көтеруге еңбек етіп келеді. Шындығына келгенде журналист күн-түн демей, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, қажет болса басын қатерге тігіп, шын ақпаратты елге таратады.  Осындай жанкешті еңбектеріңізге алғысымды білдіремін. Шығармашылық табыс тілеймін! Қаламдарыңыз мұқалмай, аймақтағы өзекті мәселелерді әділ түрде халыққа жеткізеді деген сенімдемін,-деді С.Шәпкенов.

Шара аясында облыс әкімі «Атырау-Ақпарат»ЖШС аудандық газеттер бөлімінің корректоры Лиза Сейтімоваға «Ақпарат саласының үздігі» медалін, ардагер журналист, балаларға арналған «Алтын сақа» танымдық газетінің редакторы Болат Дәулетовке «Еңбек ардагері» медалін табыс етті. Сонымен қатар қоғамның мұңын қаламмен қорғап, заманның жырын жанымен жырлап жүрген сала мамандары облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #БАҚ күні
Объявления
live comments feed...