• Главная
  • Биыл Талдыкөл ауылының 6,2 шақырым кірме жолына күрделі жөндеу жасалады
14:00, 24 июня 2023 г.

Биыл Талдыкөл ауылының 6,2 шақырым кірме жолына күрделі жөндеу жасалады

фото: аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.

фото: аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жобаның жалпы құны 2 млрд. 59 млн. теңге. Биылға облыстық бюджеттен 302 млн. теңге қаржы қаралған.  

- Кірме жолға жөндеу жүргізуді халық көп жылдан бері сұрап келеді. Өткен жылы барлық жобалық құжаттамалары аяқталды. Биыл аудандық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырысымен жөндеу жұмыстары басталғалы отыр. Кірме жолмен қатар ауылішілік жолдар да салынып, көше жарығы тартылады. Бұған қоса балабақшаның алдына көлік тұрағы салынады,- деді  Талдыкөл ауылдық округінің әкімі Сейілбек Зұлқашев. 

Ал аудандық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Сырымбет Кенжебаевтың айтуынша, осы жылдың тамыз айына дейін мемлекеттік сатып алу жүргізу, мердігерді анықтау жұмыстары жасалады. Құрылыс жұмыстары қыркүйек айында басталады деп күтілуде. Жұмыстың аяқталу мерзімі 8 ай. 

Айта кетейік, Талдыкөл ауылында 1200-ден астам тұрғын бар.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Аьырау #жөндеу жолдар #Талдыкөл
Объявления
live comments feed...