15:00, 23 июня 2023 г.
Атырауда медицина қызметкерлері күні аталып өтті
фото: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
22 маусым күні Махамбет атындағы академиялық драма театрында медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Атырау облысының баспасөз қызметі.
Салтанатты жиынға Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, медицина саласының ардагерлері мен қызметкерлері қатысты.
Өңір басшысы медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің «Еңбек ардагері» медалін, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісін, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісін және Алғыс хат табыстады
- Құрметті медицина саласының ардагерлері мен қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Адал еңбектеріңізге, күн мен түнге санаспай жасап жатқан қызметтеріңізге өз алғысымды білдіремін. Бұл абыройлы әрі сауапты қызмет. Өңірімізде медицина саласында атқарылып жатқан істер жеткілікті. Бүгінде ауыл медицинасын дамыту жолында бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. 2025 жылға дейін 30-дан аса нысанның құрылысы жүргізіліп, тозығы жеткен ғимараттар жаңартылады. Сонымен қатар жас мамандарға берілетін біржолғы материалдық көмектің мөлшері ұлғайтылды. Сондай-ақ дәрігерлерге арналған жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылды. Енді дәрігерлер «Отбасы Банк» АҚ жергілікті филиалы арқылы бастапқы жарнасыз, жылдық мөлшерлемесі 5%-бен тұрғын үй сатып ала алады. Мұндай бағдарлама бір ғана Атырауда жүзеге асып отыр. Қоғам байлығы адам дейтін болсақ, адам саулығы сіздердің қолдарыңызда. Бүгінде өңіріміздің экономикалық-әлеуметтік дамуы көрсеткіштерінің жақсаруы, ұлттың саулығы – баршаңыздың ортақ еңбегіңіз. Мерекелеріңіз құтты болсын, - деді С. Шәпкенов.
Бұдан бөлек, салтанатты жиында медицина саласының қызметкерлері Атырау облыстық мәслихатының Алғыс хатымен, «Сенім» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының «Үздігі» төсбелгісімен, «Аманат» партиясының Алғыс хатымен де марапатталды.
Салтанатты шарада жыл сайынғы медицина қызметкерлері күніне орай өткізілетін «Салауатты өмір салты – жарқын болашақ» атты дәстүрлі спартакиаданың қорытындысы жарияланды. Бұл сайыста бірінші орын алған Құрманғазы аудандық ауруханасы ауыспалы кубокпен марапатталып, 200 000 (екі жүз мың) теңгелік сертификатқа ие болды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
11:55, Вчера
15
11:55, Вчера
53
live comments feed...