• Главная
  • Атыраудағы солтүстік айналма автокөлік жолының құрылысы 2024 жылы аяқталады
12:00, 23 июня 2023 г.

Атыраудағы солтүстік айналма автокөлік жолының құрылысы 2024 жылы аяқталады

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Айналма жолдың жалпы ұзындығы - 26 шақырым. Жоба бойынша Жайық және Қараөзек өзендеріне көпір салу жоспарланған. Сонымен қатар «Атырау-Астрахань», «Атырау-Ақтөбе», «Атырау-Индербор» тасжолдары қиылыстарында жол өткелін салу да қарастырылған. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Самат Айтқалиев мәлім етті, Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. 

Солтүстік айналма жолы Атырау қаласындағы қозғалыс ағынын төмендетуге, негізгі автокөлік жолдарындағы кептелісті азайтуға, транзиттік көліктер санын қысқартуға және экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

- Бұл жоба қаладағы көліктердің үздіксіз және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етеді. Бүгінде солтүстік айналма автожолдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. 12 шақырым жердің бетіндегі өсімдіктер қабаты алынып тасталды.  101 565 текше метр жолдың негізгі қабаты төселді. «Атырау- Астрахань» тасжолының қиылысында «Құбыр» типіндегі өткелдің құрылысы басталды. Қазіргі уақытта 50 қазықтың 12-сі қағылды. Оған қоса жұмысшыларға  арналған вахталық қалашық да салынды,-деді С.Айтқалиев.

Жалпы айналма жолдың құрылысы өткен жылдың шілде айында басталды. Бұл жұмыстар 2024 жылдың желтоқсанында аяқталады деп көзделген.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #автожол құрылысы
Объявления
live comments feed...