• Главная
  • Бәйгетөбе ауылдық округінде ток желілері жаңарды
18:00, 21 июня 2023 г.

Бәйгетөбе ауылдық округінде ток желілері жаңарды

фото: Мақат ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

фото: Мақат ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Мақат ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Аудандағы Бәйгетөбе ауылдық округіне қарасты №402 бекетін электрмен жабдықтау жұмысы өткен жылдың маусым айында басталған болатын. Жуырда құрылыс жұмыстарының пайдалануға беру актісі тапсырылып отыр. 

-Нысанның жалпы ұзындығы 6,33 шақырымды құрайды. Аталған бекетке 2100 кВА қуаты бар трансформаторлық қосалқы стансасы және 40 сыртқы жарықтандыру шамы орнатылды.  Қазіргі таңда «ЭнергоСату» ЖШС мекемесімен есептеу құралдарын қабылдау жұмыстары жүргізілуде,- деді Бәйгетөбе ауылдық округінің әкімі Қонысалы Төлеуов. 

Айта кетейік, бұған дейін Доссор кентінде 1,89 шақырым ток желілері, 1 дана 160 кВа трасформаторлық қосалқы стансасы орнатылған еді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Байгетобин округі #электр желілері
Объявления
live comments feed...