• Главная
  • Махамбет ауылында ауылішілік жолдардың құрылысы басталды
14:00, 7 июня 2023 г.

Махамбет ауылында ауылішілік жолдардың құрылысы басталды

фото: Махамбет ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

фото: Махамбет ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Махамбет ауылы бойынша 11,2 шақырым ауылішілік жолдардың  құрылысы басталды. Бұл туралы Махамбет аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жобаның мердігері «Толағай 2050» ЖШС. Аяқталу мерзімі 19 ай болса, жоба құны 2 млрд 488 млн теңге.

- Аталған құрылыс жұмыстары 19 көшені қамтиды. Оның ішінде 500, 300 метрлік көшелер де бар. Осы жылға 500 млн теңге қаржы бөлінді. Осы қаржыға   Мөңке ұлы, Оңайбаев, Байсейтова көшелеріне жол салынады. Биылғы бюджетке сыйып жатса, қосымша Айманов, Әбілхайыр хан көшелеріне де жол түсетін болады. Қалған көшелер келесі жылы жасалады,-деді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары бөлімінің басшысы Сырымбет Кенжебаев.

Оның айтуынша, бұған қоса Махамбет ауылы бойынша 8,2 шақырымды қамтитын тағы 14 көшеге жол төселетін болады. Бұл жобаның жалпы құны 2 млрд 125 млн теңге. Облыстық бюджеттен екінші жоба бойынша биылға 300 млн теңге қаржысы бөлінген. Тамыз айына дейін мердігер анықталса, ар жағында жұмыстар басталмақ. Жоба аясында 7 жерге автобус аялдамасы салынады деп күтілуде.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #жол құрылысы
Объявления
live comments feed...