12:00, 3 июня 2023 г.
«Ерекше балалар» 1-ші маусым күнін ерекше атап өтті
Pixabay сайтынан иллюстрациялық фотосурет
Атыраудағы №3 Арнаулы қызметтер көрсету орталығында балалар күніне орай мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникацялар қызметі.
- Салтанатты іс-шара орталық демеушілерінің қолдауымен ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті. Мерекелік жиынға «Болашақ-Атырау» кәсіпорны, «Халық» банк, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және «Навруз» этно-мәдени орталығының өкілдері мен «Қазақстан Халық партиясы» облыстық филиалының төрайымы арнайы келіп, балаларға базарлық жасады. Ал, «Өмір» қоғамдық бірлестігі мерекелік іс-шараны безендіріп берді,- деді №3 Арнаулы қызметтер көрсету орталығының басшысы Анар Маратова.
Ерекше мұқтаждықтары бар балаларға қызмет көрсететін бұл орталықтан 68 бала қызмет алады. Бүгінгі іс-шараға төсекке таңылған балалардан бөлек 50 тәрбиеленуші қатысты. Олар ән айтып, би билеп көрермен қошеметіне ие болды.
Айта кетейік, салтанатты іс-шараға арнайы келген «Қазақстан Халық партиясы» облыстық филиалының төрайымы Балжан Досмұхамедова «осы орталықтың тұрақты меценаты боламын» деп кесіп айтты.
Еске салайық, №3-ші орталыққа тұрақты қолдау көрсетіп келе жатырған «Болашақ-Атырау» кәсіпорны мұндағы аутизм орталығына жөндеу жұмыстарын жүргізуде.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
13:39
Вчера
10:19
Вчера
Объявления
13:47, 31 декабря 2024 г.
22
13:47, 31 декабря 2024 г.
53
live comments feed...