• Главная
  • Атырау-Дамба тас жолында болған жол-көлік оқиғасында ауыр жарақат алған науқастар жоқ
10:00, 3 июня 2023 г.

Атырау-Дамба тас жолында болған жол-көлік оқиғасында ауыр жарақат алған науқастар жоқ

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

1 маусым күні сағат 12:20 шамасында Атырау-Дамба тас жолы Қызылбалық ауылы тұсында 2005 ж.т., жүргізуші басқаруындағы Honda Odyssey және 1998 ж.т., жүргізушінің басқаруындағы Ваз 2114 автокөліктері арасында жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, түрлі жеңіл дәрежеде жарақат алған 1 көлік жүргізушісі облыстық ауруханаға және 1 жолаушы балалар ауруханасына жеткізілді. 

Облыстық Полиция департаменті әлеуметтік желілерде жасөспірімдер басқарған автокөліктер соқтығысқан, ауыр дене жарақатын алған мектеп түлектері бар деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін жеткізді. 

Сонымен қатар, қала аумағында мектеп түлектерінің көлік басқарып, көлік құралының терезесінен денесін шығарған деректер бойынша дер кезінде анықталып тиісті шаралары қабылданды. 

Осы орайда облыстық полиция департаменті жол ережелерін сақтап, тәртіп бұзбауға шақырады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #ДТП
Объявления
live comments feed...