• Главная
  • Атырауда математика пәні мұғалімдеріне арналған шығармашылық байқау мәресіне жетті
16:00, 1 июня 2023 г.

Атырауда математика пәні мұғалімдеріне арналған шығармашылық байқау мәресіне жетті

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Облыстық білім беру басқармасының бастамасымен математика пәнінің мұғалімдеріне арналған олимпиада өңірде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұл туралы басқарманың баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Қазақстан математика пәні мұғалімдер қауымдастығы тарапынан қолдау тапқан білім додасына облыстың білім беру мекемелерінің жас математиктері қатысты. Байқау мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен құзіреттілігін арттыру, сондай-ақ математика мұғалімдерін біріктіру және тәжірибе, білім алмасу мақсатында ұйымдастырылды. Аталған байқауға 60 мұғалім қатысып, олар түрлі номинация бойынша марапатталды. 

Олимпиаданың жабылу салтанатында Атырау облысы Білім беру басқармасының басшысы Гүлнара Садуахасова жүлдегерлерді марапаттап, алдағы уақытта мұғалімдер арасындағы олимпиадалардың тұрақты түрде өткізілетінін айтты.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #шығармашылық байқау #математика
Объявления
live comments feed...