16:00, 30 мая 2023 г.
Атырау облысы еліміздің VI жазғы паралимпиада ойындарында екінші орын алды
фото: Аймақтық байланыс қызметі.
Паралимпиада жарыстары 10-30 мамыр аралығында Алматы, Астана жане Актөбе қалаларында өтті. Жарысқа спорттың он түрінен, еліміздің 20 өңірінен 1000-нан астам спортшы қатысты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
ҚР паралимпиада ойындарының басты мақсаты - дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, елімізде паралимпиадалық спорт түрлерін дамыту жене үздік өнер көрсеткен спортшыларды ұлттық құрама сапына іріктеу.
Сайысқа паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ануар Сариев, Әлем және Азия чемпионаттарының жеңімпаздары Ержан Сәлімгереев, Әлішер Гарифоллаев, Жанбота Аманжол, Альфия Тілекқабыл сынды танымал спортшылар қатысты.
Жарыстың нәтижесі бойынша жалпы командалық есепте 44 алтын, 15 күміс жене 10 қола медальмен бірінші орынға Қарағанды облысы шықса, екінші орынға 35 алтын, 9 күміс және 9 қола медальмен Атырау облысы шықты. Ал 24 алтын, 16 күміс жене 6 қола медальмен Актөбе облысы үздік үштіктің қатарына енді.
Атыраулық спортшылар дзюдо, таеквондо, теннис және отырып ойнау волейболында бәсекелерінде қарсылас шақ келтірмей, командалық бірінші орындарға ие болды.
Осы жарыстарда үздік атанғандар іріктеліп, алда келе жатқан Ханчжоу-2024 IV пара Азия ойындары мен XVII жазғы паралимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік алды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
ТОП новости
Объявления
12:31, 2 декабря
15
22:21, 23 ноября
live comments feed...