• Главная
  • Шоқпартоғай ауылының 13 көшесін жарықтандыру жұмыстары басталды
12:00, 30 мая 2023 г.

Шоқпартоғай ауылының 13 көшесін жарықтандыру жұмыстары басталды

фото: аудан әкімінің баспасөз қызметі

фото: аудан әкімінің баспасөз қызметі

Жылыой ауданына қарасты Шоқпартоғай ауылының 13 көшесі жарықтандырылатын болады, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ержан Хайноллаевтің айтуынша, ауыл көшелеріне жарық шамдарын жүргізу жұмыстарын «Гранд Мастер» ЖШС істеуде.

- Аталған 13 көшеге 328 дана заманауи бағана шамдары орнатылады. Қазіргі уақытта бағаналарды әкелу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құрылыс жұмыстары төрт айға жоспарланған. Бұл жұмыстарға жергілікті бюджеттен 268 миллион 972 мың теңге қаражат бөлінді,- деді Е.Хайноллаев. 

Сондай-ақ ол, жалпы Шоқпартоғай ауылында 26 көше болса, бұрыннан ауылдың төрт көшесінде жарық шамдары бар екенін жеткізді. Ал қалған бес көшесін жарықтандыру алдағы уақытқа жоспарланған. Аталған жұмыстарға үш техника мен он қызметкер жұмылдырылып отыр.  

Айта кетейік, Шоқпартоғай ауылында 3121 тұрғын бар.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #13 көшені жарықтандыру #Шоқпартоғай
Объявления
live comments feed...