• Главная
  • Өңірде полипропилен өндірісінің іске қосылуы нәтижесінде шағын кәсіпорындардың импортқа тәуелділігі жойылды
14:00, 23 мая 2023 г.

Өңірде полипропилен өндірісінің іске қосылуы нәтижесінде шағын кәсіпорындардың импортқа тәуелділігі жойылды

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Бұл туралы облыстық Индустриялық-инновациялық даму басқармасының өнеркәсіп бөлімінің басшысы Ақбөбек Шарғабаева мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

- Аймақта құрылған «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында полипропилен өндірісінің іске қосылуы бүгінгі таңда полипропилен өнімін қолданатын шағын кәсіпорындардың импортқа тәуелділігін жоюға үлкен әсерін тигізді. Айталық, полипропилен өнімдерін шығаратын «Касхим», «Полимер Продакшн» кәсіпорындары «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен полипропилен түйіршіктерін  сатып алу жөнінде келісім-шарт жасақтады. Нәтижесінде шикізаттың импортқа тәуелділігінен арылып, 100 пайыз қазақстандық өнім шығаруға қол жеткізді,- деді А.Шарғабаева. 

«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Теңiзшевройл» ЖШС-інде өндірілген ілеспе газды одан әрі өңдеп, жылына 500 мың тоннаға дейін полипропилен өндіруде. Жобаның екінші кезеңінде полиэтилен өнімін шығаруды жоспарлауда. Бүгінде полипропилен өндірісінде 632 адам жұмыс жасайды. Сонымен қатар, мердігер компанияларда 1000-ға жуық адам қызмет етеді.

Зауыт қазақстандық кәсіпорындарды қамтамасыз ете отырып, өнімін экспортқа да сатуда. Жыл басынан бері шамамен 45 мың тонна полипропилен экспортталды. Бүгінгі таңда, ішкі нарыққа өнімді сату туралы 35 компаниямен келісім-шарт жасақталған. Одан өзге, Қытай және ТМД елдеріне өнімді жеткізу бойынша 3 оффтэйк келісім-шарт жасақталып отыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #полипропилен өндірісі
Объявления
live comments feed...