• Главная
  • Республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауынан атыраулық оқушылар жүлдемен оралды
15:00, 20 мая 2023 г.

Республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауынан атыраулық оқушылар жүлдемен оралды

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Павлодар қаласында жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында өткен Республикалық есу«Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауынан атыраулық оқушылар жеңіс тұғырынан көрініп, жүлделі орындарға ие болды. Бұл туралы облыстық Білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.  

Байқаудың мақсаты – философ-ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының рухани мұрасын кеңінен насихаттау, шығармаларында бейнеленген туған жерге деген сүйіспеншілігі мен шығармашылық әлеуетін дамыту. 

Байқауға еліміздің әр өңірінен 63 үміткер қатысса, шығармашыл жас өрендер додасында жерлестеріміз де қалыс қалмады. 

— Атап айтсақ, «Білімді зерек адам болам!»-десең, «Қара өзіңді басқаның айнасымен» бағыты бойынша Бас жүлдемен Атырау қаласы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ дарынды балаларға арналған «Ұстаз» мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Бексұлтан Исаш, «Мәшһүр-Жүсіп шығармалары» және «Ұлы даланың ұлы есімдері» бағыты бойынша II дәрежелі дипломмен Атырау қаласы ІТ мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Диана Мұхамбетжан, «Бас болып өнер білсең, тіптен жақсы» бағыты бойынша Атырау қаласы ІТ мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Ақниет Бақтығали және «Талантты жас» номинациясымен Индер ауданы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Ринат Базарбай марапатталды,- деді Э.Тұңғатарова.  

Айта кетсек, республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» конкурсы республикалық деңгейде үшінші рет өткізіліп отыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #«Мәшһүр Жүсіп оқулары»
Объявления
live comments feed...