• Главная
  • Индерде тұңғыш рет бокстан республикалық турнир басталды
11:00, 20 мая 2023 г.

Индерде тұңғыш рет бокстан республикалық турнир басталды

фото: Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

фото: Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Спорт ардагері, бокстан Бүкілодақтық және Қазақстан Республикасының «Буревестник» спорт қоғамының бірнеше дүркін жеңімпазы, Халықаралық дәрежедегі ІВА төрешісі Алтыбай Ермұқанның құрметіне арналған бокстан 2010-2013 жылғы жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир басталды. Бұл туралы Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Спорт додасының ашылу салтанатында аудан әкімі Дарын Шамұратов спорт ардагері А.Ермұқанның ауданның спорт саласына, оның ішінде бокс үйірмесінің дамуына қосқан үлесі және жетістіктерін атап өтті. Сонымен қатар, жас былғары қолғап шеберлеріне сәттілік тіледі.

Аталған турнирге еліміздің 11 қаласынан 255-ке жуық боксшы 22 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсуде. 

Айта кетейік, бұл спорттық дода мамырдың 21-де дейін жалғасатын болады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Индер #бокс
Объявления
live comments feed...