
12:00, 19 мая 2023 г.
Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюммен кездесті

фото: Аймақтық байланыс қызметі.
Кездесуде Жасұлан Бисембиев Атырау мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстың дамып келе жатқандығын айтып, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді, Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды
Бұдан кейін тараптар қазақ-америка әріптестігінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Екіжақты кездесуде сауда-экономикалық қатынас пен туризмді, сондай-ақ ауылшаруашылығын дамыту, «Сарайшық» сапар орталығының жұмысы секілді мәселелерді талқылады.
Айта кетейік, 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында Атырау облысының АҚШ-пен сыртқы сауда айналымы 50,1 млн АҚШ долларын құраған. Оның ішінде экспорт - 436,9 мың АҚШ доллары, импорт - 49,6 млн АҚШ доллары.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
14:31
Вчера
11:16
Вчера
Объявления
16:14, 16 сентября
15
12:00, 12 сентября
12:02, 12 сентября
12:01, 12 сентября