• Главная
  • Атырауда «Ерекше білімді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау және түзете-дамыту технологиясы» атты облыстық семинар өтті
12:00, 18 мая 2023 г.

Атырауда «Ерекше білімді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау және түзете-дамыту технологиясы» атты облыстық семинар өтті

Pixabay сайтынан иллюстрациялық фотосурет

Pixabay сайтынан иллюстрациялық фотосурет

Семинар-практикумға облыстағы ерекше білім беретін мектеп-интернаттары мамандарынан бөлек, алғаш рет қалалық, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінің өкілдері де шақыртылды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс-шара облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты №3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ұйымдастыруымен өтті.

Семинар барысында орталықтың педагог мамандары коррекциялық және эрготерапия бағытында практикалық сабақтар өткізді. Сонымен қатар, «ерекше» балалардың қатысуымен түрлі ойын-сабақтар мен шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Қатысушылар мамандармен бірге  «Бұлшық ет релаксациясы» нейрогимнастикалық жаттығуларын жасап көрді. 

-Семинар өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Өзімді маман ретінде жетілдіруге септігін тигізді деп есептеймін. Мұндағы мамандардың баламен жұмыс жасаудағы тың әдіс-тәсілдерін көрдік, тіпті дауыс ырғақтарының өзі баламен байланыста өте маңызды. Енді осыдан жиғанымды өз тәжірибемде қолданамын,- деді №3 облыстық тіл мүкістігі бар балаларға арналған мектеп-интернатының логопед-маманы Ардақ Қайратова.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #психологиялық-педагогикалық қолдау
Объявления
live comments feed...