• Главная
  • Миялыдағы спорт алаңы маусым айында пайдалануға беріледі
10:00, 17 мая 2023 г.

Миялыдағы спорт алаңы маусым айында пайдалануға беріледі

фото: Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

фото: Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Өңірде бұқаралық спорттың мәнін арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруда спорт алаңының мәні зор. Осы орайда Миялы ауылындағы орталық спорт алаңын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталуға таяу, деп хабарлайды Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дулат Нығметовтің айтуынша, мердігер мекеме "Еділ-СтройСервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 

— Бұған дейін үлкен футболға арналған газон, 500 орындық трибуна, 4 жолақты жүгіру жолағы салынып, воркаут жаттығу құралдары орнатылды. Стритбол және воркаут алаңдарына резеңке үгіндісі салынды. Қазіргі таңда шағын футбол алаңының газоны мен өрнектас төсеу жұмыстары жүруде,- деді Д.Нығметов.  

Оның айтуынша, құрылыс жұмыстары маусым айында аяқталып, нысан халық иігілігне берілмек.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #спорт алаңы
Объявления
live comments feed...