• Главная
  • Атырауда №7 қалалық емхана қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету тренингінен өтті
15:00, 15 мая

Атырауда №7 қалалық емхана қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету тренингінен өтті

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

"Бізде адамбыз" қоғамдық қоры ұйымдастырған тренингте емхана қызметкерлері арбадағы адамды қалай қауіпсіз қозғауға болатынын үйренді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

«Бізде адамбыз» қоғамдық қорының нұсқаушы-реабитолог мамандары осыған дейін «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен «Мүгедек жандарды тиімді оңалту» жобасы аясында Белорусь мемлекетінен білім алып келген. 

Олар емхана қызметкерлеріне мүгедектер арбасының түрлерін көрсетіп, оларды пайдалану нұсқаулығымен таныстырды. Сонымен қатар, арбадағы адамдарға  мүгедектігіне қарай қызмет жасау әдістерін үйретті. Бұдан бөлек, іс-шара барысында мүмкіндігі шектеулі жандармен қарым-қатынас этикасы да айтылды.

-Мүгедектігі бар жандармен жұмыс жасағанда қарапайым жағдайлардың өзін аңғармайды екенбіз. Оларды арбадан орындыққа отырғызу кезінде оған да өзімізге де ауыр күш саламыз. Ал, бүгінгі тренингте оларды қалай қауіпсіз және өзімізге де күш салмай қозғауға болатынын үйрендік. Бұл біздің қызметімізге өте қажет. Тіпті арбадағы адамды есіктің табалдырығынан да көп қозғамай-ақ, оңай шығаруға болады екен. Осының бәрін жасап қарадық. Сол себепті қоғамдық қор өкілдеріне және осындай мүмкіндік берген «ТШО» компаниясына алғыс білдіреміз,- деді емхана қызметкері Ж.Мұқашева.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #тренинг
Объявления
live comments feed...