• Главная
  • Құлсарылық мектеп оқушылары Теңіз кен орнына экскурсияға барды
14:00, 12 мая 2023 г.

Құлсарылық мектеп оқушылары Теңіз кен орнына экскурсияға барды

фото: аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.

фото: аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жылыой ауданының мектеп оқушылары үшін Теңіз кен орнына танымдық сапар ұйымдастырылды. Экскурсияға 8-11 сынып оқушылары қатысты, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Танымдық сапар Жылыой аудандық білім бөлімімен бірлесе отырып, жас ұрпаққа Теңіз кеніші, «Теңізшевройл» және оның ел дамуына қосқан үлесі туралы ақпараттандыру мақсатында ұйымдастырылды. Балаларға арналған танымдық сапар Теңізде жұмыс істейтін «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының қауымдастығы жүзеге асыратын «Болашаққа сеніммен» кәсіптік бағдарлау жобасы аясында өткізілді. 

Экскурсия аясында балаларға Теңіз кен орнының тарихы, мұнай алыбының қорлары мен мүмкіндіктері, мұнай мен газ өндіру процесі, сондай-ақ табиғи ауыз су сияқты өндірістегі ресурстарды пайдаланудағы экологиялық таза көзқарас туралы айтылды. Мектеп оқушылары ағынды суларды тазарту қондырғыларын (STP) орнату және суды қайта пайдалану (WIR) нәтижесінде ТШО суды қайта өңдеп, пайдаланатынын білді. Оған қоса кен орнында қалдықтардың 35 түріне дейін өңделетінінен хабар алды. 

-Біздің алған ақпаратымыз болашақта табиғатты қорғау мәселелерін зерттеуге шабыттандырды. Мектеп оқушылары үшін жайлы автобус ұйымдастырылып, Құлсарыдан Теңізге барып-келіп қана қоймай, сонымен қатар кен орнының аумағын араладық. Біз ең ірі кен орындарының бірінен мұнай шығатын зауытты өз көздерімен көруге мүмкіндік алдық. Сонымен қатар, балалар ауысымдағы жұмысшылардың күнделікті өмірін сезінді,- деді оқушылардың бірі Анель Шахтинова.   

Сондай-ақ аталған танымдық сапар мансаптық сипатқа да ие, өйткені экскурсия барысында балалар мұнай-газ саласының мамандарымен тілдесіп, мамандық таңдау бойынша өздерін қызықтарған сұрақтарын қойды. 

Еске салайық, бұған дейін Жылыой ауданын дамыту бағдарламасы аясында №8 орта мектепте STEAM зертханасы ашылған болатын, Онда облыстың түкпір-түкпірінен келген балалар қызықты түрде қосымша практикалық дағдыларды ала алады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Құлсары #Теңіз #кен орны
Объявления
live comments feed...