• Главная
  • «Жаныңдамын!» волонтерлік ұйымы тыл ардагерлеріне арнап мерекелік дастархан жайды
18:00, 11 мая 2023 г.

«Жаныңдамын!» волонтерлік ұйымы тыл ардагерлеріне арнап мерекелік дастархан жайды

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында аталған волонтерлік ұйым тыл ардагерлеріне арнап мерекелік дастархан жайып, құрмет көрсетті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Жаныңдамын!» волонерлік ұйымының жетекшісі Мейрамгүл Есниязова ардагерлерді мерекемен құттықтап, волонтерлік топтың әртүрлі санаттағы адамдармен бірнеше жылдан бері жұмыс жасап келе жатқанын, қазіргі уақытта «Жеңіс» жобасы аясында жыл басынан тыл ардагерлерімен үнемі байланыста екенін тілге тиек етті. 

-  Ұлы Жеңіс елімізге оңайлықпен келген жоқ. Бүгінде облысымызда қатары күннен-күнге сиреп бара жатқан ардагерлерімізге құрмет көрсету - біздің басты мақсатымыз және негізгі міндетіміз. Біз олардың бүгінгі өмірін жеңілдету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіспіз, деді М.Есниязова.

Айта кетейік, бүгінгі күні Атырау қаласы бойынша тылда еңбек еткен 532 ардагер бар, ең үлкені 105-ті алқымдап қалса, соңғы буын 80 жастан асты.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #«Жаныңдамын!»
Объявления
live comments feed...