
10:00, 11 мая 2023 г.
«Таулы Карабах» этносаралық шиеленісте ерлігімен қаза тапқандар еске алынды.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.
Бұл туралы “Ерлік елге ұран, ұрпаққа үлгі” тақырыбында өткен шарада облыстық “Таулы Қарабах қақтығысының Қазақстандық ардагерлер Одағы” ҚБ төрағасы Әділхан Өтеғалиев мәлім етті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-Бүгін марқұм болған қарулас бауырларды еске алдық. Оның ішінде қатардағы жауынгер Таулы Қарабахта болған этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан Қоныс Мақтымқұлов еске алынды. Ол ерлігі үшін қызыл жұлдыз орденімен марапатталды. Сондай-ақ, “Ішкі істер Министрлігінің ішкі әскерлері қызметіндегі ерекшелігі үшін” белгісімен марапатталған Талғат Ермұханов еске алынды. Сондай-ақ, осы екі марқұм қарулас баурларымыздың бейнесін қаламыздың орталық алаңдарымен кіре берістеріне баннерге суретін шығарып ілінді. Бұл сарбаздардың аруағына тағзым, өскелең ұрпақ пен жастарға үлгі ретінде жасалып жатқан отырған іс,-деді Ә. Өтеғалиев.
Айта кетейік, қазір айтулы қоғамдық бірлестікке тіркелген Таулы Қарабах қақтығысына қатысқан 60-қа жуық ардагер бар.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
19:00
11 сентября
11:07
10 сентября
10:43
10 сентября
16:14
8 сентября
10:38
8 сентября
Объявления
14:12, 3 сентября
53
14:12, 3 сентября
15
11:07, Сегодня
12