• Главная
  • Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтың Ұлы Жеңіс күнімен құттықтауы!
12:00, 10 мая 2023 г.

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтың Ұлы Жеңіс күнімен құттықтауы!

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Ардақты Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері! Құрметті жерлестер! Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

⠀Сіздерді еліміздің ең қастерлі мерекесі – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлы Жеңістің 78 көктемін қарсы алып тұрсақ та, осы бір тарихи оқиға адамзат көңілінің төрінен түспек емес.

Бейбіт өмір мен мөлдір аспан астында іңгәлаған сәби дауысы сұрапыл соғыс өртіне қасқая қарсы тұрған солдат ерлігі мен тыл еңбеккерлері маңдай терінің бағасын уақыт өткен сайын бізге арттыра түседі.

Ұлы Жеңіске атыраулықтар өз сүбелі үлесін қосты: Отанды майдан даласында қарумен қорғады. Тылда қалған қарттар, әйелдер мен балалар – Жеңісті жақындатып, бәрі де майдан үшін деп бел жазбастан жұмыс жасады. Біздің облыста соғыс өртіне шарпылмаған бірде бір шаңырақ жоқ.

Ұлы Отан соғысы жауынгерлері мен тыл еңбеккерлерінің жасампаз қаһармандығы болашақ ұрпақ үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен батырлықтың сарқылмас қайнар көзі болып қала береді.

Ардақты ардагерлер, тыл еңбеккерлері! Біз әрқашан Сіздің буын алдында қарыздармыз. Сіздерге қамқорлық жасау, құрметке бөлеу, соғыста қаза тапқандарды жадымызда тұту – біз үшін қасиетті міндет.

Баршаңызға бейбіт өмір, бақ-береке тілеймін!

Ізгі тілекпен,

Атырау облысының әкімі

С.Шәпкенов

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #9 мамыр
Объявления
live comments feed...