• Главная
  • Биыл Жылыойда 368 кәсіпкер тіркеліп, былтырмен салыстырғанда 30-ға артып отыр
12:00, 4 мая 2023 г.

Биыл Жылыойда 368 кәсіпкер тіркеліп, былтырмен салыстырғанда 30-ға артып отыр

фото: аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

фото: аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жылыойда жыл басынан бері 368 жеке кәсіпкер тіркеліп, үш кәсіпкерлік нысан іске қосылды, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Жылыой аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Ақан Мәмбетиязовтың айтуынша, тіркелген кәсіпкерлердің басым көпшілігі сауда-саттық және көліктерді жалға беру бағытында кәсібін ашуда. 

— Сондай-ақ ауданда үш кәсіпкерлік нысан іске қосылды. Олар: «Жан» сауда үйі, «Аружан» супермаркеті және «Marmelad» балалар ойын паркі. Ал мемлекеттік грант иеленгендер саны әзірге үш адам. Оның ішінде екеуі көп балалы ана болса, біреуі мүмкіндігі шектеулі жан,- деді А.Мәмбетиязов. 

Айта кетейік, Жылыой ауданында жалпы 7547 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #кәсіпкерлер
Объявления
live comments feed...