
15:00, 28 апреля 2023 г.
Биыл Қоныстану елді-мекеніне су құбырлары желілері тартылады

фото: Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгінде аудандағы елді мекендерді ауыз сумен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Соның бірі – Тасшағыл ауылдық округіне қарасты Қоныстану елді мекеніндегі су құбыры желілерінің құрылысы. Бұл туралды Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дулат Нығметовтің айтуынша, мердігер «Жаңарту» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс жұмыстарын жүргізбек.
- Жоба бойынша Тасшағыл ауылынынан бастап 8,23 шақырым су құбыры жүргізіледі де, Қоныстану елді мекеніне көлемі 25 м3 су мұнарасы орнатылады. Құрылыс жұмыстары тамыз айында аяқталады деп күтілуде,- деді Д.Нығметов.
Айта кетейік, Қоныстану елді мекенінде жүзден аса тұрғын бар.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
19:25
24 декабря
ТОП новости
Объявления
10:53, 23 декабря
53
10:53, 23 декабря
15
17:05, 18 декабря