Атырауда үш баладан қызылша ауруы анықталды

фото: Аймақтық байланыс қызметі.
Облыстық білім беру басқармасының басшысы Гүлнар Сәдуақасова мәліметінше, аталған мектеп оқушылары онлайн форматқа ауыстырылды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-Жаңаталап ауылындағы Жамбыл атындағы орта мектебінің 5 сыныптан - 1 баладан, 3 сыныптан - 2 оқушыдан қызылша ауруының белгілері анықталды. Осыған байланысты 3 сынып пен 5 сыныпты 25 сәуір мен 2 мамыр аралығында қашықтықтан оқыту форматына көшіреміз деп шешім қабылдадық. Өйткені, дизенфекция мен тазалық жұмыстары жүргізілу керек,- деді Г. Сәдуақасова.
Жалпы биыл Атырауда 2 наурыз – 24 сәуір аралығында алғашқы диагнозы бойынша қызылшаға күдікті 15 жағдай тіркелген.
—Оның ішінде алтауынан қызылша ауруы зертханалық жолмен дәлелденді. Ал 4 жағдай бойынша зертханалық тексеру қорытындысы теріс нәтиже берді. 5 жағдайға байланысты зерттеу қорытындысы жүргізіліп жатыр. Оған қоса науқастармен қарым-қатынаста болған 216 адам медициналық бақылауда. Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша 7 адамға қызылшаға қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізілді.
Санитарлық–эпидемиологиялық тексеру жалғасуда,- деді Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мәдениет Танауов.