• Главная
  • Атырауда бизнес-жобаларды іріктеудің алғашқы комиссия отырысы өтті
16:00, 25 апреля 2023 г.

Атырауда бизнес-жобаларды іріктеудің алғашқы комиссия отырысы өтті

Pixabay сайтынан иллюстрациялық фотосурет

Pixabay сайтынан иллюстрациялық фотосурет

Кәсіпкерлік бастамашылық шеңберінде жастарға берілетін микрокредиттер бойынша өтінім берген 18 үміткердің бизнес-жобасы тыңдалды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Кәсібін кеңейткісі келетіндердің қатары көп. Облыс әкімінің өкімімен құрылған комиссия құрамы 18 үміткердің құжатын қарап, әрқайсымен сұрақ-жауап алмасты. Бизнес-жобалардың басым көпшілігі мал шаруашылығымен айналысуға бағытталған. 

Комиссия мүшелері ұсынылған жобалардың өзектілігін, дәлелділігін, экономикалық негізділігін, маңыздылығы мен өміршеңдігін ескере отырып, тиісті шешімдер қабылдайды.

Микрокредиттер 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Өтініш берген сәтте жастардың жеке кәсіпкер ретінде тіркелген уақыты 5 жылдан аспауы тиіс. Жас кәсіпкерлер жылдық 2,5% номиналды сыйақы мөлшерлемесі бойынша өтеу мерзімі 5 жылға дейін аралықта 5 миллион теңгеге дейін кредит ала алады. 

Еске сала кетейік, микрокредитке өтініштер «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Атырау облыстық филиалында қабылданады. Мекенжайы: Атырау қаласы, Қ.Сәтпаев көшесі, 13-а. Байланыс телефоны: 8-701-006-16-46.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #бизнес-жобалар
Объявления
live comments feed...