
10:00, 18 апреля 2023 г.
Атыраулық Асылай Дүйсен республикалық «Ясауитану-2023» байқауының ІІ орын иегері атанды

фото: Аймақтық байланыс қызметі.
Бұл туралы облыстық Білім беру басқармасы Таланттарды анықтау және қолдау орталығының директоры Руслан Сарбалин мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Түркістан қаласында «Ясауитану-2023» байқауының республикалық кезеңі өтті. Сайысқа еліміздің әр өңірінен 100-ге жуық оқушы қатысты. Атырау облысынан бес оқушы қатысып, 36 мектеп-гимназиясының оқушысы Асылай Дүйсен ІІ орынға ие болды.
— Байқаудың негізгі мақсаты – Ясауи мұрасын өскелең ұрпаққа насихаттау, сол арқылы олардың пайым-парасатын жоғарылату. Сондай-ақ, кесенеде жерленген тарихи тұлғаларымыз бен баһадүр бабаларымыздың ғибратқа толы ғұмырын, тарихи жәдігерлерді таныстыру. Бүгінгі сайысқа қатысушылардың тарихты білу деңгейі, Ясауи хикметтерін меңгергендігі сыналды,- деді Р.Сарбалин.
Айта кетейік, Ясауитану республикалық байқауы биыл 25-ші рет өткізіліп отыр.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
09:33
Вчера
16:45
21 октября
10:56
21 октября
11:29
20 октября
12:00
19 октября
18:05
16 октября
19:00
15 октября
Объявления
09:50, 1 августа
00:07, 1 октября
05:50, 1 октября
12:06, 19 октября
53
12:06, 19 октября
15