
10:00, 14 апреля 2023 г.
Жайық өзенінің бойындағы заңсыз құрылған ау құралдарын тазарту жұмыстары жүргізілуде

фото: Аймақтық байланыс қызметі
Жайық өзенінің бойында «Бекіре – 2023» акциясына байланысты заңсыз құрылған ау құралдарын анықтау шарасы өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Іс-шараға «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының 20 қызметкері қатысты. Жұмыс барысында қызметкерлер 3 - «КС» қайығы, 6 – жеңіл моторлы қайық және жағалаудан бақылайтын «Уаз» автокөлігін пайдаланды.
-Тексеріс кезінде Жайық өзені бойынан 20-ға жуық ау құралдары мен 4 астауша қайық тәркіленді. Бұл заңсыз заттар болғандықтан, қолдан жасалған қайықты инспекцияға қарасты «Дамбы балық» бөлімінің арнайы орнында жойылады. Ал, ау құралдары бөлімге иесіз зат ретінде өткізіліп, әкімшілік хаттама толтырылады. Сондай-ақ, тәркіленген балықтар балық өнімін дайындау үшін «Тілекші» ЖШС, «Абылай хан» ЖШС сияқты мекемелерге тапсырылады,- деді «Дамба» балық инспекциясы бөлімінің басшысы Еламан Хабибуллин.
Оның айтуынша, мұндай тексерістің мақсаты – балықтардың заңсыз ауланып, броконерлердің уысына түспеуін қадағалау. Өзен балықтарының көбейіп, еркін өсуіне жәрдемдесу.
Айта кетейік, бұл шара биыл төртінші рет өткізіліп отыр.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
09:33
Вчера
16:45
21 октября
10:56
21 октября
11:29
20 октября
12:00
19 октября
18:05
16 октября
19:00
15 октября
Объявления
00:00, 1 октября
12:06, 19 октября
15
00:07, 1 октября
12:06, 19 октября
53
11:18, 12 октября
12