• Главная
  • Құлсары қаласында тұрғын үйдің орнына дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады
10:00, 13 апреля

Құлсары қаласында тұрғын үйдің орнына дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады

фото: Жылыой ауданы әкімінің баспасөз қызметі

фото: Жылыой ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Құлсары қаласы тозығы жеткен бес қабатты тұрғын үйдің орнына дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынатын болды. Бұл туралы Жылыой ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.  

№1 ықшам ауданындағы №27 тұрғын үй мемлекет мұқтажы үшін алынып, 60 пәтердің иесіне өтемақы төленген. 

-Ауданы 1615,19 шаршы метрді құрайтын дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жобасы дайын. Мемлекеттік сатып-алу заңына сәйкес конкурс жарияланып, жеңімпаз анықталды. Мердігер мекеме «ГрадСтройСервис» ЖШС. Қазіргі таңда, үйді бұзу жұмыстары жүріп жатыр,-деді аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Қазбек Ағыраев.

Оның айтуынша, жаңа спорт кешенінде кіші футбол, бокс, күрес, волейбол залы қарастырылған. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #сауықтыру кешені
Объявления
live comments feed...